Қазгидромет мамандары бірнеше облыста тұман және қатты жел болатынын айтады.
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды деп хабарлады paryz.kz, Қазгидрометке сілтеме жасап.
12 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде және Түркістан қаласында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте де кей уақытта тұман болады.
12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Осы күні Қызылорда облысында да кей жерде тұман болады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда қаласында жел қарқыны 15-20 м/с.