Атырауда полицейлер деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіледі, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 10 қаңтарда Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mercedes Benz көлігін тексеру кезінде бес патроны бар белгісіз маркалы тапанша мен пышақ тәркіледі.
Есірткіге мас күйде болған 39 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған. Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушының деструктивті діни ағымның жақтаушылары екендігі анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.