Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Павлодардың Білім басқармасы студенттерге қымбат көліктер сатып алмақ болған

"Бізге «көліктерді сатып алғанша күтіп, кейін неге қылмыстық жазаға тарпадыныздар деп, тікелей сауал қойып отырғандар да көп..."

Павлодардың Білім басқармасы студенттерге қымбат көліктер сатып алмақ болған
Фото: ашық дереккөз

Павлодардың білім басқармасы колледж студенттеріне шетелдік қымбат көлік әперіп, оны оқу құралы, яғни, макет ретінде пайдаланбақ болған деп хабарлады paryz.kz, Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда, 22 млн теңгеден астам бюджет қаржысы бұл мақсатқа жұмсалмаған. Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарнама шығысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармаға ескерту жасаған. 

"Әлеуметтік желілер жазып жатыр. Бізге «көліктерді сатып алғанша күтіп, кейін неге қылмыстық жазаға тарпадыныздар деп, тікелей сауал қойып отырғандар да көп. Мақсат - біреуді жазалау емес, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта отандық емес қымбат көлік мінуге заңмен тыйым салынған. Біз соны орындадық", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин.