Павлодар тұрғыны таксиге отырғаннан кейін жоғалып кетті

Елена Федоровичева 2023 жылы 16 қаңтарда Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша көк минивэнмен белгісіз бағытта кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны таксиге отырғаннан кейін жоғалып кетті
фото: Pavlodarnews.kz

Vita ұйымының мәліметінше, 40 жастағы әйелдің әрі қарай қайда кеткені белгісіз. Бойы - 165 см, ақ шашты. Үстіне ұзын куртка, көк түсті бас киім киген.  

«Кеше бірден іздестіру шараларына қосылдық. Белгісіз бағытта шығып кеткен әйел бақылау камерасына түсіп қалған. Минивэн таксиімен кеткен. Павлодар мен Екібастұз теміржол вокзалының аумақтары, бейнебақылау камералары өңделді, сондай-ақ туыстарынан сұрастырылды. Өкінішке орай, іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді», – дейді еріктілер.

Еріктілер көлік иесінен әйелдің қайда кеткені туралы хабарлауды сұрайды.

Егер де оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса немесе көліктің иесін таныған жағдайда (карусельдегі фото) дереу еріктілердің телефондарына хабарласуды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 01 Светлана.