Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бұрынғы әйелін боқтаған ер адам 40 сағат қар тазалайтын болды

Өскемен қаласының тұрғыны бұрынғы әйелін боқтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Бұрынғы әйелін боқтаған ер адам 40 сағат қар тазалайтын болды
фото: vecher.kz

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 42 жастағы ер адам бейнебайланыс арқылы бұрынғы әйеліне қоңырау шалған. Сөйлесу барысында оны қорлап, балағат сөздер айтқан. Әйел адам полицияға арыз түсірген соң іс сотқа жетті.

Өскемен қалалық №2 соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігіне (қорлау) сәйкес кінәлі деп таныды.

Сотталушы жәбірленушіге 100 мың теңге мөлшерінде моральдық залал төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілді.

Сот шешімімен айыпталушы қала аумағында 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, көшені қардан тазалайды. Қазіргі уақытта ол Өскемендегі негізгі көшелерде жұмыс істеп жүр - дейді Өскемен қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Сымбат Ботаев.

Айта кетсек, қоғамдық орында балағат сөз айту және басқа да ұсақ бұзақылық үшін 69 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы бекітілгенін хабарлағанбыз.