Ақтөбе облысында 16 жасар қыз асылып қалды

Шалқар ауданындағы Бегімбет ауылында 2007 жылы туылған қыз үйінің ауласында орналасқан сарайдан асулы күйінде табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облысында 16 жасар қыз асылып қалды
фото: Күндерек

2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 00.10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша "суицидке жеткізу" ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі