Шымкентте жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кетті

Шымкентте жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкентте жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кетті
фото: Ulysmedia.kz

"Шымкентте 13 қаңтарда сағат 11.43-те Ахметов көшесінде VANHOOL маркалы автобус өртенді", - деп мәлімдеді "Шұғыл шақырту" бағдарламасының тілшісі.

Өрт кезінде оның ішінде адамдар болмаған. Төтенше жағдай себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.