Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістанда көшеде талып қалған сәбиді полицей мен медбике құтқарып қалды

Түркістан қаласында екі жасар бала далада талып қалған, оған көшедегі полиция қызметкері мен дүкенде тұрған медбике алғашқы көмек көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістанда көшеде талып қалған сәбиді полицей мен медбике құтқарып қалды
фото: kaz.elorda.info

Polisia.kz жазуынша, Түркістан  қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Ерік Ақмолдаев көшеде қызметін атқарып тұрады. Сол сәтте бір келіншек жүгіріп келіп, көмек сұраған: жан ұшырған ананың екі жасар ұлы далада талмасы ұстап, құлап қалған. 

«Мен сол сәтте бәрін тастай сала, кішкентай баланың аман қалуын ойлап көмекке ұмтылдым. Бірден ыңғайлы орын іздеп, қасымызда тұрған дүкенге көтеріп кіргіздім. Қолымнан келгенше балаға көмектесуге тырыстым. Сол сәтте жаныма өзін медбикемін деп таныстырған әйел келді. Содан екеулеп отырып, балаға алғашқы көмек бердік. Яғни, мен ұл баланың денесін ұстап, жағын ашып тұрдым, ал көмекке келген тұрғын тілін жұтып қоймас үшін қасықпен тартып алып, жағдайды жақсартты. Содан жедел жәрдем шақырып, баланы анасымен бірге салып жібердік», – дейді полиция қызметкері. 

Ал бүлдіршіннің анасы болса, шошыған сәтте көмекке келген полиция қызметкері мен тұрғындарға зор алғысын білдіріп отыр.

«Мұндай азаматтар қандай марапатқа болса да лайық, осындай азаматтарымыз көп болсын. Жұмысы алға баса берсін», – дейді келіншек.