Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бурабайдағы бала өлімі: Дәрігерлер сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспейтінін айтты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының дәрігерлері Бурабайдағы лагерде көз жұмған жасөспірімнің өліміне қатысты медициналық сот сараптамасымен келіспейтінін мәлімдеді. Медицина қызметкерлері оқушы жолға шықпастан бұрын тексеруден өткенін әрі ода қатерлі ісіктің болмағанын айтады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бурабайдағы бала өлімі: Дәрігерлер сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспейтінін айтты
Фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, бұған дейін 11 қаңтар күні Ақмола облысы Бурабай ауданындағы республикалық балалар оқу-сауықтыру орталығында Ақтөбе облысынан барған 2008 жылы туған жасөспрімінің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Ақмола облысының полиция департаменті жасөспірімнің өліміне ағзадағы қаназдық себеп екенін айтқан еді. Аурудың негізі себебі - қатерлі ісіктен тамыр қабырғасының ыдырауы.

Алайда Ақтөбе облысының дәрігерлері сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспейтінін жеткізді. Хромтау дәрігерлерінің сөзінше, жасөспірім Бурабайға аттанбастан бұрын барлық медициналық тексеруден өткен және оның денсаулығынан еш кінәрәт болмаған. "Біз балада қаназдық және қатерлі ісік болды деген сот-медициналық сараптама қорытындысымен келіспейміз. Ол үшін ауруға тән қандай да бір белгілері болуы керек еді. Бала ата-анасына бірнеше рет хабарласып, оны ұрып жатқанын, қысым көрсететіндерін, далаға шығуға қорқатынын, бөлменің есігі жабылмайтынын, тіпті телефонын тартып алатынын айтып, шағымдаған. Егер қажеттілік болса біз ата-ананың да, Хромтау аудандық ауруханасының да беделі мен абыройын қорғайтын боламыз", – дейді Ақтөбе облысы Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазин.

Ал жасөспірім көз жұмған орталық қызметкерлері жеткіншек түндегі қатты ауырсынулардан кейін қайтыс болғанын айтады. Олардың сөзінше, жасөспірімнің іші ауырған, осылайша орталық қызметкерлері баланы тексеріп, жедел жәрдем шақырған, алайда ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған. Дегенмен, қайтыс болған оқушының отбасы лагерь қызметкерлері көп нәрсені айтпай отырғанын алға тартуда.

"Денені ашып, сараптама жасағаннан кейін бізге балада қуықтың қатерлі ісігі болғанын айтты. Мен сенбеймін, мұндай болуы мүмкін емес. Оны шап аймағынан теуіп, басынан ұрған. Тіпті иығында да көгерген із бар. Алайда бізге ол із баламыздың денесін тасымалдағанда пайда болғанын айтты", - дейді марқұмның анасы Рахия Құлымғарина.

Туыстарының сөзінше, жасөспірім қайтыс болар алдында ата-анасына хабарласып, оны өзге қалалардан келген жасөспірімдер ұрғанын айтқан. Ал өңірлік полиция алғашқы тексеру кезіне баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын айтқан еді. Олар қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқанынын мәлім етті.