Кәмелетке толмаған бойжеткендер полицияға жеткізілді. Екеуінің де жасы 16- да. Бірі Ұзынағаштағы Жамбыл Жабаев атындағы колледжде, екіншісі Ұзынағаш медициналық колледжінде оқиды.Алматы облысында 16 жастағы бойжеткендер жаға жыртысты
Бейнежазба желіге тарағаннан кейін полиция мән-жайды анықтаған. Оқиға бір ай бұрын орын алған. Желі қолданушылары қыздарды қатаң жазаға тартуды талап етуде.
Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметінің айтуынша, қыздар қазір татуласқан. Олардың ата-аналарына тек айыппұл салынып, іс жылы жабылуы мүмкін.
Оқиға 2022 жылдың 03.12.2022 жылы болған. Аталған дерек бойынша оқу орнының әкімшілігі полиция қызметкерлерінің қатысуымен тексеру жүргізді. Сондай-ақ студенттердің ата-аналары шақырылып, екі жақтан да түсініктемелер алынды. Қазіргі уақытта 16 жастағы оқиғаға тікелей қатысы бар жасөспірімдерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде – деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайділдин.