Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Талдықорғандық әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірген

Талдықорғанда жас әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Талдықорғандық әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірген
фото: Tengrinews.kz

11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерінен денесінде пышақ жарақаттарымен 42-жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларға жалға берілген, олар сол күні кешкі уақытта құрбысының қатысуымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.

Аталған факті бойынша ер адамдың өліміне азаматтық некеде бірге тұратын 33 жастағы жас әйелдің қатысы бар екені белігілі болды. Әйел ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде оқиға орнынан табылған асхана пышағы, сондай-ақ қылмыстың куәгері болған ерлі-зайыптылардың қонағынан жауап алынды - дейді Талдықорған қаласының полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.