Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістанда қыз баланы зорлап, видеоға түсіріп бопсалаған сатушы жігіттер ұсталды

Былтыр жазда Түркістандағы көтерме сауда базарындағы контейнерлердің бірінде 2001 жылғы қыз зорлыққа ұшыраған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістанда қыз баланы зорлап, видеоға түсіріп бопсалаған сатушы жігіттер ұсталды
фото: Экспресс К

Бұл туралы «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оның айтуынша, қызды зорлаған жігіттің досы контейнердің есігін жауып тұрған. Ал қыз есінен танып қалған кезде зорлаған жігіт пен оның досы зәбір көрген бойжеткенді видео мен суретке түсіріп алып, оны бопсалаған.

«Оны зорлаған жігіт пен досы ыдыс-аяқ сататын. Оның үстіне, қыздың суреті мен видеоларын туыстарың мен күйеуіңе көрсетеміз деп бопсалаған. Олар қыздан бас-аяғы 10 млн теңге бопсалап алған», - деп хабарлайды Дина Таңсәрі. 

Бұл қаражатты табу үшін қыз туыстарының бәрінен қарыз алып, тіпті кейбір жақындарының атына несие рәсімдеген. Бәріне «Алматыда бизнесім бар» деген сылтау айтқан.

«Бір күні күйеуі жігіттердің әйеліне айтып жатқан сөздерін естіп, әйелінің телефонын тартып алады. Оны біреулердің бопсалап жүргенін біліп, суреттер мен видеоларды көріп қойған. Бірақ әйелін құтқарудың орнына, оған зиянын тигізген. Яғни оның телефонын сындырып, бүкіл айқағты жоқ қылған», - дейді Таңсәрі.

Қазір зорлық көрген қыздың аяғы ауыр. Денсаулығында кінәрат пайда болған соң алыстағы ауылға, әкесінің жанына кетіп қалған. Әкесі қызының телефонына салатын сим-картаны тығып, оны басқа телефонға салса, істің айғақтарын табамын деген үмітте жүрген көрінеді. Қазір зәбір көрген қыз полицияға арыз түсіріп, әділдік іздеуге бел буған.

«2022 жылдың 28 желтоқсанында Түркістан облысының Полиция басқармасына Қызылорда облысының полиция басқармасына барып арызданған қыздың арызы түсті. 29 желтоқсан күні аталған факт Түркістан облысының полиция басқармасына «Зорлау» фактісі бойынша тіркелген. Жедел іздеу-тергеу жұмыстарының аясында күдікті ретінде Түркістанның екі тұрғыны анықталды», - деді Түркістан олысы Полиция басқармасының баспасөз қызметі.