Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Бұл - менің жіті бақылауымда»: министр лагерьде қайтыс болған оқушының мәселесі жайлы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев “Балдәуренде” қаза болған оқушыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Бұл - менің жіті бақылауымда»: министр лагерьде қайтыс болған оқушының мәселесі жайлы
Фото: ашық дереккөз

“Щучинскіде болған жағдай ауыр. Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отырғаны белгілі. Бірінші кезекте Нұрдәулет баламыздың қайтыс болуына орай ата-анасына көңіл айтамын. Бұл мәселе бойынша министрліктің комиссиясы құрылды. Барлық мәселе әділетті түрде қатаң тексеріледі. Бұл- менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшысына қатаң жаза қолданылады”, - деді министр.

Қалған мәселелер бойынша құқық қорғау органдары қосымша тексерулер жүргізіп жатыр. Барлық мәселе толық белгілі болғаннан кейін нақты шешімді жариялаймыз”, - деп толықтырды Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Щучинскідегі дарынды балаларға арналған «Балдәурен» лагерінде 14 жастағы оқушы қайтыс болды.