"Шығарып салушыға" 5 АЕК айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Әлеуметтік желіде құрдастарының арасында бір жас жігіттің гитарасын жолаушылар пойызының вагонына ұрып сындырып, жанында тұрған егде әйелді шошытқан видеосы тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
"Ақтөбе-Атырау бағытындағы пойыз Сағыз станциясында тұрған кезде 17 жастағы жергілікті тұрғын қоғамдық орында айналасындағыларға құрметсіздік танытып, тәртіп бұзды. Құқық бұзушы досын Атырау қаласының әскери комиссариатына шығарып салған кезде "эмоцияға берілгенін" түсіндірді", - деп хабарлады ІІМ Көліктегі полиция департаменті.
Аталған оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-тармағы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді "шығарып салушыға" 5 АЕК айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.