Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Құлап бара жатып бас сүйегімнің шытынағанын естідім": Павлодарда күйеуі гантельмен ұрған әйел мән-жайды айтып берді

Павлодарда бұрынғы күйеуі гантельмен соққыға жыққан әйел оқиғаның мән-жайын айтып берді. Анықталғандай ер адам бұған дейін де полицияның есебінде тұрған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

"Құлап бара жатып бас сүйегімнің шытынағанын естідім": Павлодарда күйеуі гантельмен ұрған әйел мән-жайды айтып берді
фото: Stan.kz

Әйелдің сөзінше, жазда күйеуі оны туысқанынан қызғанған. Кейін ер адам балаларына "Біз қазір өлеміз" деп айтып, жуынатын бөлмеге кіргізіп, зорлаған. 

"Ұлым есікті қағып, "Не болып жатыр?" деп сұрады. Мен балама бірдеңе істей ме деп қорқып "Әкең анаңды жуындырып жатыр" деп айттым. Ал күйеуім пышақты алып, қылқындыра бастады. Сол жерде өліп қала жаздадым. Сосын пышақты кір жуғыш машинаның үстіне қойып, гантельмен басымнан бірнеше рет ұрды. Құлап бара жатып, бас сүйегімнің шытынағанын естідім", – дейді зардап шеккен әйел. 

Бұрынғы күйеуі әйелінің баспалдақтан құлап кеткенін айтқан, ал балаларына есікті ашуға тыйым салған. Бас сүйегі сынған күйінде әйел жарты күн еденде жатқан. Зардап шеккен әйелді дәрігерлер құтқарып қалды, бірақ бір көзі көрмей қалған. 

Қазір полиция "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен іс қозғады. Алайда әйелдің туыстары қатігез күйеуін қастандық, зорлау және тонау баптарымен жазалауды сұрайды. Қазір күдікті Алматыдағы психиатриялық ауруханада.