Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Талдықорғанда оқушыға жабылған 3 қыз тағы бір адамды ұрды

Әлеуметтік желіде Талдықорғанда оқушы қызды жабылып ұрған үш қыз тағы бір адамды соққыға жыққан видеосы пайда болды. Бұл туралы Paryz.kz ақпараттық агенттігі EGOV.PRESS telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Талдықорғанда оқушыға жабылған 3 қыз тағы бір адамды ұрды
фото: EGOV.PRESS

Арнайы Жетісу өңірінің ПД үшін сол Талдықорған қаласының қыздарының екінші бөлімін ұсынамыз. Бұл жолы да кінәлілер айыппұл мен кешірім сұрау арқылы жауапкершіліктен жалтармақ па?

Еске салсақ, Талдықорғанда оқушы қызды топ болып ұрып-соғуға қатысты жанжал өршіп тұр. Полиция осы оқиғаға қатыстылардың барлығын анықтады.

Әлеуметтік желіде жасөспірім қызды соққыға жыққан видео тарады. Кадрда оны жұдырықтап ұрып, тепкілеп жатқан үш оқушы қызды көруге болады. Видеоны көргендер бұл жайтқа наразылық білдіріп, полициядан шара қолдануды талап етті.

Видеоға қатысты жергілікті полиция шара қолдануға кірісті. Ведомствоның хабарлауынша, видео 9 қаңтарда Талдықорғандағы «Самал» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды.

«Олардың барлығы облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы түрлі оқу орындарында оқитын кәмелетке толмағандар. Жанжалдың себебі әлі анықталып жатыр. Жәбірленуші өзінің өкілімен (әжесі) бірге ресми түрде полицияға шағымданудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») әкімшілік іс қозғалды» деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, полицейлер соққыға жығуға қатысты күдіктілердің материалы әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының қарауына жіберілгенін айтты.

Осы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы да пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде облыс әкімдігінің білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.

«Олар оқитын оқу орындарының тәрбие жұмысы тексеріледі. Зардап шеккен жасөспірімге барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, күш қолданған оқушыларды одан әрі оқыту мәселесі қарастырылады» деді баспасөз қызметіндегілер.