11.01.2023, 16:45

Жаркентте 6 жасар бала үш айлық қарындасын пышақтап өлтірді

фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Жетісу облысы Жаркент қаласында адам шошытарлық оқиға болды. 6 жасар бүлдіршін өзінің үш айлық қарындасын пышақтап өлтірген, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Orda.kz сайтының жазуынша, қанды оқиға кеше, 10 қаңтар күні болған. Сенімді дереккөздің мәліметінше, бүлдіршін мұндай қадамға қызғаныштан барған.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңа туған нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды,

— делінген Жетісу облыстық ПД мәліметінде.

Қылмыстық іс Полиция департаменті басшысының бақылауына алынды.