Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген пациент 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып өлтіру ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген пациент 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін
фото: old.kzvesti.kz

Бүгінгі сот отырысында прокурор 35 жастағы Т.-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуін тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы сотталушыны марқұмның отбасына материалдық және моральдық шығынды өтеуге міндеттеу қажет деп есептейді.

Өз кезегінде сотталушы кісі өлтіргенін мойындады.

Бұған дейін Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкері мен такси жүргізушісінен жауап алынған болатын.

Кейін айыпталушы Т. дәрігер Юрий Шумковтың туыстарынан кешірім сұрады.

Еске салайық, 2022 жылдың 4 сәуірі күні Алматыда пациент Т. дәрігер Ю.Шумковты аңшы мылтығынан атып өлтірген болатын. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болды. Күдіктіні полицейлер Алатау ауданы аумағында ұстады.

Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумков пен пациент арасында қандай да бір жанжал болмағанын айтты.