Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Астанадан Алматыға бет алған ұшақты "жарып жібермек" болған ер адам сотталды

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматқа қатысты үкім шығарды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Астанадан Алматыға бет алған ұшақты "жарып жібермек" болған ер адам сотталды
фото: onetwotrip.com

Сотта анықталғандай, 2022 жылғы 8 қазанда айыпталушы әуе кемесінің бортында масаң күйде болған кезде бортсерікке өзінің пакетінде бомба бар екенін айтқан.

Астана қаласы құқық қорғау қызметінің мамандары іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған әуе кемесінен қандай да бір жарылғыш құрылғыларды таппаған. Сол арқылы терроризм актісі туралы хабарламаның жалғандығы расталды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Жасаған әрекетіне өкініп, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді.

Сот екі жас баласының болуын, кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, зиянды өтеуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ал ауырлататын мән-жайлар ретінде жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болуын таныды.

Жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеуін, жеңілдететін мән-жайларды, жәбірленуші тараптың пікірлерін ескере отырып, сот пробациялық бақылауды белгілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.