Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкенттік емшілер науқастарға жыланның уы мен сорпасын ішкізіп жүр

Қазақ емшілері жан-жануарларды түгендеп, түрлі ауруға ем іздеп жүр. Айтуларынша, қазір жыланның уымен де адамды дерттен айықтыруға болады деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік емшілер науқастарға жыланның уы мен сорпасын ішкізіп жүр
фото: Halyq Uni

Шымкентте емшіліктің ерекше әдісін қолға алып, төсек тартып қалған талай жанның дертіне шипа тауып берген емші бар дейді жұрт. Ол Орынбек атты азамат желі қолданушыларына жыланның басын кесіп, уын алған видеосы арқылы танылған. Жыланның 21 түрінен, кесіртке, тасбақа, улы шегірткеден дәрі жасайды. Сондай-ақ жыланның етінен жасалған сорпа мың ауруға ем болады деп отыр өзі. Оның тағы бір тәуіп жерлесі Асантай Арифұлы да осы пікірде.

Жыланның дертке ем екенін Астананың 66 жастағы тұрғыны Маржан Шаймердеаурунова да құптап отыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Оның жүрегі жиі ауырыпты. Тіпті, бірнеше рет жүрек талмасы ұстаған. Сөйтіп жаны қиналғаннан кейін ол медицинамен қатар, халық еміне де жүгінген. Ал емші жыланның майы қосылған дәрі істеп беріпті.

Өзін «халық емшісімін» деп таныстырған Омарбек Балтабаев қазір тәуіпке жүгінетіндер көбейгенін айтты. Бірақ ол да медицина мен емшілік міндеттерінің ара жігін ажыратып алу керектігін алға тартып отыр.

Ал мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров ауру емдеймін дегендерді бақылауға алу керек деген пікірде. Айтуынша, 90-жылдары белсенділер халық медицинасын жүйелеп, ақ-қарасын ажырту қажет деген бастама көтерген.

Мемлекет реттеп, оны құқықтық немесе сапалық шеңберге келтіруі керек. Мысалы, сертификат беру немесе бір тізімге алу деген секілді. Өйткені бұл адам өмірімен, адам денсаулығымен байланысты нәрсе. Жеңіл қарауға болмайды.

Мүмкін сол ем-домнан кейін біреулер қайтыс болып кетіп жатқан шығар, оны ешкім білмейді. Сондықтан бәрібір реттеу, бақылау, қадағалау болу керек деп ойлаймын», - дейді Абылайхан Қалназаров.