Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Кәсіпкер шошқа фермасы үшін 7 млрд теңге айыппұл төлейтін болды

Егер талаптарды орындамаса, сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралады.

Кәсіпкер шошқа фермасы үшін 7 млрд теңге айыппұл төлейтін болды
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында орналасқан шошқа базасына 7 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты аймақтағы Экология департаменті растады. Қоршаған ортаға зиян келтірген ферма енді осыншалықты көп қаржы төлейді. Кәсіпкерге осы заң бұзушылықтарды жою үшін біраз уақыт берілген. Егер талаптарды орындамаса, сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралады.

"Заң бойынша бір ай мерзім ішінде бюджетке 7 млрд теңге түсуі керек. Уақытында орындалмаған  жағдайда,  әрі қарай сот арқылы өндіріп алу шараларын қарастыратын боламыз”, - деді Ақтөбе облыстық Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл.

Тағы оқи отырыңыз: "Халық тұншығып отыр": Ақтөбе облысында шошқа фермасының жабылуы талап етілді (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, қараша айында Бестамақ ауылының тұрғындары жаппай наразылық білдіріп, ауыл іргесіндегі шошқа фермасын жабуды талап еткен еді. Осыдан соң арнайы комиссия құрылып, тексерісті бастаған болатын. Нәтижесінде, кәсіпорынның 5,6 гектар жерге зиянды қалдық көмгені белгілі болды. Сонымен қатар, тазартылмаған өндірістік ағын суды егістікке жіберіп отырған. Тіпті өзенге ағызғаны анықталды. Құжатта шошқа санын да азайтып көрсеткен. Бас-аяғы 13 әкімшілік іс қозғалыпты. Фермаға 2011 жылдан бері құзырлы органдар тарапынан бірде-бір тексеріс жасалмаған.