Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қыз өзін зорлады деп жалған ақпарат бергені үшін сотталды

Өтініш беруші өзінің танысына жеке бастың мәселелері үшін бәле жаппақ болған.

Қыз өзін зорлады деп жалған ақпарат бергені үшін сотталды
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының тұрғыны өзін танысы зорлады деп айыптап, арыз жазған. Бірақ ол сосын жалған ақпарат бергенін мойындады, деп хабарлады paryz.kz, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл мамыр айында Талдықорған қаласы полиция бөлімшелерінің бірінде зорлау бабы (ҚР ҚК-нің 120-бабы) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында тергеуші өтініш берушінің айғақтарынан бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады. Сараптамалар мен басқа да объективті дәлелдер арқылы теріске шығарылды.

Белгілі болғандай, 19 жастағы өтініш беруші өзінің танысына жеке бастың мәселелері үшін бәле жаппақ болған. Полицияның мәліметі бойынша, қыз қылмысын толық мойындады.

"Тәртіп сақшылары зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатты. Полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 419-бабы бойынша көрінеу жала жабу фактісін тіркеді. Биыл қазан айында Талдықорған қалалық сотының үкімімен Е. деген азамат  3,5 жылға сотталды", – делінген ІІМ хабарламасында.