Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Несиелік рақымшылыққа сенген ақтөбеліктер 58 млн теңгесінен айырылды

Төрт баланың анасы ақтөбеліктерді алдау арқылы миллиондаған ақша тапты. Кредиттік рақымшылыққа сенген 17 адам алаяққа 58 млн теңге берген, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Несиелік рақымшылыққа сенген ақтөбеліктер 58 млн теңгесінен айырылды
фото: news.myseldon.com

"Диапазон" басылымының жазуынша, Қарағанды қылмыстық сотында ақтөбеліктерге несиелік рақымшылық жасауға уәде беріп, адамдарды алдаған Әлия Оразалинаға қатысты екінші қылмыстық іс қаралды. Жәбірленушілердің айтуынша, таныстары арқылы олар әйелдің ірі сомада несие алуға көмектесетінін, ал 3 айдан кейін оны несиелік рақымшылық бойынша есептен шығара алатынын естіген.

Оразалина оларды Қарағандыға алдыртып, несиені "тазартып" беретін "Финпартнер" ЖШС-мен шартқа қол қойғызған. Содан кейін "клиенттер" Қарағанды банктерін аралап, несие алған. Банктер берген қарыздың 25-тен 40%-на дейінгі сомасын олар Оразалинаға әкедіп берген. Кейінірек "несиені тазарту" үшін тағы 10%-ын ұсынған.

Алаяққа сенген адамдар бірнеше ай бойы несие төледі, бірақ Оразалина уәде еткен несиелік рақымшылық елде жарияланбады. Бірнеше айдан кейін ғана алданғандар ешкім банктік қарыздарын кешірмейтінін түсініп, полицияға жүгінді.

Тергеу мәліметтері бойынша, алаяқтық үшін айыпталушы кінәні мойындамады. Ол өзін "Финпартнер" ЖШС директорының әрекетінен жәбірленуші деп атады. Оның айтуынша, жәбірленушілерден алынған несиенің 25-40% сомасынан ол тек 5%-ын ғана алған.

Сот алаяқтық жасағаны үшін Әлия Оразалина кінәлі деп танылды. Бірақ алдыңғы қылмыстық іс бойынша өтелмеген жазаны ескере отырып, оны 4 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырды. Десе де, оның төрт баласы болғандықтан, жазаны орындау мерзімі 3 жылға шегерілді. Ол сондай-ақ жәбірленушілердің ақшасын қайтаруға міндетті.