Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысында есірткі өндіруге арналған ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында есірткі өндіруге арналған ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz

7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күштерімен ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды. Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 кг «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді.

Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.