Батыс Қазақстанда гараждағы көлік ішінен 4 адамның мәйіті табылды

БҚО-да көліктен үш жігіттің және қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Батыс Қазақстанда гараждағы көлік ішінен 4 адамның мәйіті табылды
фото: Lenta.ru

«08.01.2023 күні сағат 10:30 шамасында Зачаганск кентінің «Сартау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында автокөліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз және 2 кәмелетке толмаған бала, сондай ақ 2004 жылы туған азамат)», - делінген хабарламада.

Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығымен улану.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.