Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды

Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Петропавлда 47 жастағы әйел көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды
фото: polisia.kz

6 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Полиция басқармасының жедел арнасына Жамбыл көшесі, 142 мекенжайындағы көпқабатты үйдің жанында әйел адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы зардап шеккен әйелдің жеке басын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 47 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.

«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.