Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Маңғыстауда үш баланың анасы 3 айдан аса уақыт бойы іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысында үш айдан аса уақыт бойы үш баланың анасы Жәния Абдуллаева іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды paryz.kz.

Маңғыстауда үш баланың анасы 3 айдан аса уақыт бойы іздестіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Жәния Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Кейінірек әйел жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау бағытында пойыз билетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды.

Туыстары Жәнияны іздеуге жұртшылық пен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда бүгінге дейін шаралар нәтиже бермеген.

2 қаңтарда ол 28 жасқа толған. Оны үйде үш баласы күтіп отыр.

Жәния Абдуллаеваның жүрген жері туралы мәлімет білетін маңғыстаулықтардан +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе "102" телефондарына хабарласу сұралады.