Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне жылжымайтын мүліктің операцияларымен айналысатын ЖШС-нің бірінің басшылығы жүгінген. Өйткені, компания басшысы мекеменің шотынан 25 млн теңгенің жоғалғанын байқаған.
Осы факті бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы ЖШС-ге бухгалтерлік қызмет көрсеткен 46 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол ЖШС басшылығының сенімінге кіріп, алаяқтыққа барғанын мойындады.