Бес жасар бала екі інісін газдан уланудан аман алып қалды

Семейде 5 жасар баланың қайсарлығының арқасында інілері көмірқышқыл газынан уланудан аман қалды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Бес жасар бала екі інісін газдан уланудан аман алып қалды
фото: www.entrepreneur.com

5 жасар бала «112» пультіне хабарласып, үйінен газдың иісі шығып жатқанын айтқан. Құтқару жасағы, сондай-ақ «102» және «103» қызметкерлері оқиға орнына бара жатқан сәтте, ТЖД диспетчерлері баламен бейнебайланыс арқылы байланыста болды.

Өрттің болмағанына көз жеткізіп, біз балаларға психологиялық көмек көрсетіп, 5 жасар баладан бөлмені желдету үшін терезелерді ашуын сұрадық- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Келген құтқарушылар газ иісі шыққан құлыпталған үйден 5, 3, және 2 жасар үш баланы тапты. Қызметкерлер тез арада кіреберістегі есіктің құлпын бұзып, балаларды алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Тексеруден кейін балалар ауруханаға жеткізіліп, оларға жеңіл дәрежелі көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты.