Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Жаңа туған сәби болған: Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің сайты. 

Жаңа туған сәби болған: Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтынан

5 қаңтар сағат 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде жаңа туған нәресте бар жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кеткені туралы хабар түсті.

Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын және арнайы құралсыз көшіру мүмкін еместігін анықтады.

Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігін жолға шығару мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 м-ден астам қашықтықта болды.

Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанармай аз болған.

Оқиға орнына құтқарушылардың жедел әрекетімен жанармай мен жылы киім жеткізілді.

Сондай-ақ, баланы Қарағандыдан келген жедел жәрдем көлігіне уақыт жоғалтпай жеткізу үшін тез арада жол тазартылды, өйткені дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды.

Қызметкерлердің уақтылы әрекетінің арқасында бала жедел жәрдемге жеткізіліп, кейін Қарағанды ​​қаласының ауруханасына жатқызылды.