Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Атырауда өзендегі мұз ойылып, бір адам батып кетті

Атырауда мұзды суға құлап кеткен ер адам құтқарылды. Қазіргі таңда мұзға құлаған екінші адам іздестіріліп жатыр, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Атырауда өзендегі мұз ойылып, бір адам батып кетті
фото: ulyanovsk.express

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 5 қаңтарда болған.

«Жайық өзенінің үстінде белгісіз екі ер азамат тұрған сәтте мұз ойылып, олар суға түсіп кеткен. Бұл оқиғаны байқаған тұрғындар дереу полиция қызметкерлері мен құтқару қызметін көмекке шақырған», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына дереу жеткен Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің инспекторлары Жеткіншек Иманғалиев және Айбат Джаубаев суға бату қаупі төнген бір адамды жіппен тартып, ұстап қалған.

Полицейлердің айтуынша, мұз жұқарып тұрғандықтан ойық жерге жақындау қауіпті болғанын айтады. Сондықтан оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, арнайы техникалық жабдықтармен құтқарғанша күтеміз деп шешім қабылдаған.

«Полиция қызметкерлері мұз астынан алып шыққан ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі таңда атыраулық полицейлер құтқару қызметімен бірлесіп, суға батып кеткен екінші адамды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласының Жайық өзені мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіпті екенін ескертеді.