Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте жаңа босанған әйел кесарь тілігінен кейін 3 ай комаға түскен

Шымкент тұрғыны Луиза Атажанова 2022 жылдың 25 қыркүйегінде жүктіліктің 35-аптасында кесарь тілігі арқылы босанған. Бірақ отадан кейін аллергиялық шок болып, қан қысымы төмендеген және жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлердің сөзінше, әйелге Денсаулық сақтау министрлігінің протоколы бойынша көмек көрсетіліпті. Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап. 

Шымкентте жаңа босанған әйел кесарь тілігінен кейін 3 ай комаға түскен
фото: sdo.medcollege.ru

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше әйелге уақытылы көрсетілген көмектің арқасында жүрек жұмысы қалпына келген. 

Әлі неврологиялық оңалту мен тыңғылықты күтім керек. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасының қатысқан дәрігерлер консорциумының шешімімен науқас әрі қарай оңалту үшін көпсалалы неврологиялық стационарға ауыстырылды– деп мәлімдеді Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Луизаның жақындарының пайымдауынша, әйел дін аман болған. Босанған соң 3 айға жуық комада жатқан, анестезия дозасын дұрыс есептемегендіктен клиникалық өлім тіркелген. Дегенмен бұл деректі денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарып отыр. Аталған жайтқа қатысты екі қылмыстық тексеріс жүріпті. Ал бір айдан кейін анестезиолог өз еркімен жұмыстан шыққан. 

Қазір әйел мен сәби қалалық №2 ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Нәресте 1 300 грамм болып туылған, қазір салмағы 2 780 грамға жеткен. Жақындары Луизаның аяққа тұрып, қалыпты өмірге қайта оралады деп сенеді.