Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Астанада «Яндекс.Такси» қызметі арқылы жұртты алдап жүрген алаяқ ұсталды

Астана полицейлері алаяқтықтың 25 жайтына қатысы бар күдіктіні ұстады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада «Яндекс.Такси» қызметі арқылы жұртты алдап жүрген алаяқ ұсталды
фото: sputnik.by

Елорданың екі тұрғыны «ЯндексТакси» қызметі арқылы баланысты толықтыру сылтауымен алаяқтық жолмен белгісіз адам олардың ақшалай қаражатын иемденгені туралы арызбен полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласында 33 жастағы ер адамды ұстады. Бұрын ол бірнеше рет сотталған. Ол ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған 25 эпизод бойынша күдіктелетіні анықталды.

Қаскүнем Өскемен қаласының аумағында болып, «Яндекс такси» немесе «Яндекс жеткізу» қосымшаларының көмегімен елорда аумағынан қылмысының құрбандарын тапқан. Қаскүнем олармен байланысып, азық-түлік жеткізіп беруге тапсырыс берген, сонымен қатар абоненттік нөмірлердің балансын толтыруды сұраған және тапсырысты орындау бойынша барлық шығындарды жабуға уәде берген. Қолма-қол ақша жалған абоненттік нөмірлердің балансына түскеннен кейін ер адам байланысқа шығуды тоқтатқан, ал ақшаны басқа абоненттік нөмірлердің балансына аударған. Алаяқтың қылмыс жасаған ұялы телефондары тәркіленді - делінген хабарламада

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.