Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Еліміздің ТЖД қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Комитет  "Стоп ойын" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу шеңберінде 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылғанын атап өтті. 

Еліміздің ТЖД қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған
Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері бірден бірнеше ірі қалаларда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің бірқатар қызметкерлерінің қызметін тексеруді бастады, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғалары ел аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, іс бойынша Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінен басқа бірқатар азаматтық тұлға тергеуден өтіп жатыр.

"Қазақстан Республикасының аумағында, атап айтқанда, Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Экономикалық тергеу қызметінің ресми хабарламасында.

Комитет  "Стоп ойын" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу шеңберінде 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылғанын атап өтті. Сонымен қатар 22 жасырын казино жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды.