Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Нанды үгіткені үшін анасы өзінің 2 жасар баласын өлтірген

Әйелдің азаматтық некедегі күйеуі бүлдіршіннің денесін жасыруға көмектескен.

Нанды үгіткені үшін анасы өзінің 2 жасар баласын өлтірген
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны екі жасар баласын аяусыз өлтіргені үшін сотта жауапқа тартылды, деп хабарлады paryz.kz, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу болжамына сәйкес, жантүршігерлік оқиға былтыр мамыр айында болған. 28 жастағы әйел алкоголь ішіп алып, өз баласына шүйліккен. Ол тамақ жегенде нанды үгітіп тастаған 2 жасар баласына ашуланыпты.

Аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі келтірген мәлімет бойынша, әйел үгітілген нанды қызының аузына тыққан. Соның салдарынан қызы тұншығып, көз жұмған.

Әйелдің азаматтық некедегі күйеуі бүлдіршіннің денесін жасыруға көмектескен. Алайда оны жауапқа тарту мүмкін болмады. Себебі, бұл жайттан кейін 10 күн өткесін ер адам ішімдіктен уланып, қайтыс болған екен. Полицияға әйелдің құрбысы хабар берген. Ол аяқасты жоқ болып кеткен қыз баланың жағдайына алаңдап, тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Әйел бастапқыда бар кінәні қайтыс болған ер адамның мойнына ілмек болып, артынша өз кінәсін мойындаған. Ол енді 13 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.