Атырау облысында ауыл жастары төбелесіп, жас жігіт мерт болды

Атырау облысында футбол ойынына жиналған жігіттердің арасында жанжал болып, соңы адам өлімімен аяқталды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Атырау облысында ауыл жастары төбелесіп, жас жігіт мерт болды
фото: www.nationalheraldindia.com

atyrauoil.official парақшасының хабарлауынша, Сағыз ауылында жас жігіттер жолдастық кездесу өткізу үшін спорт кешеніне жиналған. Ойын барысында өзара сөзге келіп, жанжал сыртта жалғасқан.

Төбелес салдарынан бір студент ауруханаға түсті және ал жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт суық қарудан көз жұмды.

Полиция Қылмыстық кодекстің Адам өлтіру бабымен тергеуді бастады. Күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.