Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Қорқытқым келді": Алматыда белгілі гастроэнтерологты атып өлтірген күдікті сотта болған жағдай туралы айтып берді

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша тағы бір сот отырысы өтті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

"Қорқытқым келді": Алматыда белгілі гастроэнтерологты атып өлтірген күдікті сотта болған жағдай туралы айтып берді
фото: Қазақпаратқа

Сот отырысында айыпталушы болған жағдай туралы өз нұсқасын айтып берді. Күдіктінің сөзінше, дәрігерлер екі жыл бойы оны ЛОР-дан гастроэнтерологқа жіберіп, нақты диагноз қоя алмапты. 

"Алдымен лор дәрігеріне бардым. Оған тамағымның қатты ауыратынын айттым. Дәрігерлер менде бәрі жақсы екенін айтып, асқазаным ауырмаса да, гастроэнтерологқа жіберді. Бірақ олар менен гастроэнтерологтың анықтамасын талап етті. Дәрігерлер мені осылай екі жыл бойы сандалтты. Бар ақшам мен күшім емделуге кетті. Мен бәрінен қатты шаршадым", – деді сотталушы.

Айыпталушы Шумковпен дәрігерлер жіберген соң танысқан. Сөйтіп оған қарала бастайды. 

“Эндоскопиялық тексеруден кейін жағдайым күрт нашарлап кетті. Осы сәттен бастап су да, тамақ та іше алмадым. Екі айда 30 келіден астам салмақ тастадым”, – дейді ол. 

Сонымен қатар айыпталушы Германияға емделуге барған, ол жерде нейрохирургтардың көмегі қажет екенін білген. Қазақстанда ота жасалса да, операциядан кейін де жағдайы жақсармаған.

Сотталушы Шумковты қорқытып, одан шындықты білгісі келгенін мәлім етті.

"Мылтықты оқтап, Шумковтың көлігіне жақындадым. Қаруды көтеріп тұрып, "Шық, сөйлесуіміз керек" дедім. Шумков маған қарап, қолымен бір нәрсе іздей бастады. Мен оның қолынан қара затты байқадым. Қолындағысы қару екен деп ойлап, атып жібердім. Ол көліктен түскенде тағы бір мәрте аттым",- деді сот барысында айыпталушы. 

Сондай-ақ ол болған оқиғаға қатты өкінетінін айтып, Шумковтың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады.

Айтуынша, дәрігерді өлтірем деп ойламаған, тек қорқытқысы келген.

Еске салайық, былтырғы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған.

Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.