Айтыскер Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Айтыскер Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Sinegor интернет-порталына Ақмола облыстық Полиция департаментінің өкілдері хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 17.25 шамасында Зеренді ауданындағы полиция бөліміне Садовое ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан шаңғы базасындағы шаңғы жолында 2006 жылғы баланың денесі табылғаны туралы хабар түскен.  

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Алдын ала жиналған материалдар бойынша, шаңғы трассасында кәмелетке толмаған жігіт ағашқа соқтығысып, есін жимастан оқиға орнында қаза тапқан.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Қажет сараптама тағайындалған.