Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда отшашудан 13 адам жарақат алды

Алматыда отшашудан 13 адам зардап шекті. Оның 3-еуі бала, қалғаны ересек адамдар. Бұл туралы Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда отшашудан 13 адам жарақат алды
фото: ainews.kz

Мереке күндері пиротехникалық бұйымдардан 13 адам зардап шекті: 3 бала, 10 ересек адам. Олардың 9-ы бет пен көздің термиялық және жарылғыш жарақаттарын алған, ал 4-еуінің білегі жарақаттанған. 12 науқас Алматы қаласы стационарларының бейінді бөлімшелеріне жеткізілді-деді Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин.

Мереке күндері жедел медициналық жәрдем бригадалары 3 жүкті әйелді үйлерінде босадырып алған. Артынша келіншектерді стационарға жеткізіпті. 

Мереке күндері 103 нөміріне күн сайын 3 мыңға жуық қоңырау келіп түскен. Олардың шамамен 30% - ы жедел жұқпалы ауруларға байланысты. Олардың 50% - дан астамы балаларға қатысты көмек сұрағандардан келіп түскен қоңыраулар екен. Ал 10% – ы жазатайым оқиғаларға қатысты жедел-жәрдемді шақыртқан.