Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қазақстанда табиғатқа залал кетіргендерге салынатын жаңа айыппұл көлемі артады

Табиғатқа келтірілген зардаптар бойынша жаза қалай қатаңдатылатыны белгілі болды. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифинг барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді.

Қазақстанда табиғатқа залал кетіргендерге салынатын жаңа айыппұл көлемі артады
сурет facebook желісінен

«Табиғатты қорғау саласындағы құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке (1 АЕК – 2778 теңге) яғни, екі есеге өседі. Орта бизнес субъектілеріне 30-75 АЕК-ке дейін, ірі бизнеске 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс істеп жүрген мамандардың құзыры да артады», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, енді көпшілік тұтынатын қоғамдық орындарды былғау әрекеттеріне, қалалар мен елді мекендердегі жасыл желекке зиян келтіруге, су ресурстарын қорғау ережесін, ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзуға, орман фаунасын жойған немесе зиян келтіруге және орманға қоқыс, химиялық заттар тастауға, басқа да орман қорына келтірілген залалға қатысты айыппұлдар құны артпақ.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында табиғатқа зиянын тигізген заңбұзушыларға салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырған болатын.