Қаралы Қаңтарда қаза болған Айкөркемнің әкесінің жағдайы белгілі болды

Қаралы Қаңтарда 4 жасар бүлдіршін Айкөркемнің оққа ұшуы талай жанды бей жай қалдырмаған еді. Енді соңғы күндері әлеуметтік желіде Айкөркемнің әкесі Айдос Меделханның денсаулық жағдайы елді елеңдетіп отыр. 

Қаралы Қаңтарда қаза болған Айкөркемнің әкесінің жағдайы белгілі болды
Коллаж: Halyq Uni

Facebook қолданушысы Карима Абдрахманова "Айдос Меделхан (Айкөркемнің әкесі) 4-ші Алматы қалалық ауыруханада, хирургия бөлімінде жатыр. Денсаулығы нашар, белгісіз диагнозбен, дәрігерлер оны отаға дайындап жатыр екен, бірақ ешқандай медициналық құжатын келіншегіне көрсетпеген, диагнозын айтпаған, тек ота жасалған соң диагноз қоймақшы екен. Бұл енді сұмдық қой, медицинаның дамыған кезінде неге диагнозды анықтамайды?! Одан қалса палатасында жалғыз өзі ғана жатыр екен 28 желтоқсаннан бері. Айдосқа қастандық жасауы әбден мүмкін деген ой келіп тұр. Айдостың амандығы керек әділеттілікті орнату үшін! Қолдан келісінше дабыл қағып, Айдосты қорғайық халық болып, таратыңыздар осы постты! Палатасы 12, хирургия бөлімі, 4-ші қалалық ауырухана Алматы қаласында",-деп жазба қалдырған.

Осы жазылымға қатысты аталған әлеуметтің желі қолданушылары дүрлігіп кетті. Көпшілігі жазбаның таралуына атсалысса, қалғаны сауығып кеткенін тілеген. Қолданушылардың бірі отадан кейін диагноз қою мүмкін болатын жағдайлар барын да айтуда.

Алайда науқас жатқан №4 Қалалық клиникалық аурухана мынадай түсініктеме беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, сол оқиға кезінде Айдос Меделханның Айкөркемі бауырларымен бірге көлікте келе жатып қаза тапса, 16 жасқа аяқ басқан қызы Жанельге жеті оқ тиген болатын.