Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақшаға судай депутат Шиповскихтің қазақ әйелін жұрт орысша сөйлейді деп сөкті

Қазақша таза сөйлейтін Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповскихтің әйелі жұрттың сынына қалды. Ұлты орыс азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы орыс тілінде сөйлейтін болып шықты деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақшаға судай депутат Шиповскихтің қазақ әйелін жұрт орысша сөйлейді деп сөкті
фото: assembly.kz

Экспресс К хабарлауынша бұған дейін тіл мәселесін көтеріп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген депутат Геннадий Шиповскихке соңғы кезде әйелі туралы оқырмандары көптеген сұрақ қоя бастапты. Желі қолданушыларын депутаттың жұбайы неліктен орысша сөйлейтіні мазалаған. Бұл сауалдарға депутат жұбайы екеуі жауап беріп, оның видеосын ТікТок парақшасында жариялады.

 

– Кейбір оқырмандарым «Неге Алтынай (депутаттың жұбайы: автор) қазақша сөйлемейді?», «Жұбайыңызды қазақша үйретіңіз» деген сияқты сұрақтар қояды. Осыған байланысты кішігірім түсініктеме бергім келеді. Біздің отбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұқсайды десек, артық болмас. Неге десеңіздер, өзім орыс бола тұра үйде не сыртта болсын қазақша көп сөйлеймін. Ал Алтынай қазақ бола тұра, кейде өкінішке қарай, орысша көбірек сөйлейді, – деді Геннадий Шиповских.

Депутат бала күнінен қазақи ортада жүріп, мектепті қазақ тілінде тәмамдағанын алға тартты. Айналасындағы жандардың барлығы қазақ болыпты. Әйелі Алтынай да 1-сыныпқа қазақ мектебіне барғанымен, ортасы орыс тілділер болған. Сол үшін көбінде орысша сөйлейді екен.

– Қазақша жаза да, сөйлей де аламын. Қазақтың барлық салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарын жақсы білемін. Бірақ, маған ойымды орыс тілінде жеткізу жеңіл. Өйткені айналам орыс тілділер болды. Сондықтан сол тілде сөйлеймін– деді депутаттың жұбайы.

Мәжілісменнің Алина есімді кішкентай қызы әкесімен қазақ, ал анасымен орыс тілінде сөйлесіп, екі тілді қатар меңгеріп жатқан көрінеді.

Видео соңында Геннадий Шиповских көпшіліктен орысша сөйлейтін әйелін сынамауды сұрады.

Дегенмен бұл бейнежазба көптеген оқырмандарға жақпай қалды.

Осы жерде қазақша сөйлеу керек еді, қор болған қазақ тілім. Жүрегімен қаласа, қазақша ойлайды да, сөйлейді де. Бірі орыс — қазақша сөйлейді, бірі қазақ — орысша сөйлегенді қолдайды. Келіншегіңізге көбірек қазақша сөйле деңіз. Жай ғана өзінің еркелігі. Саған ұқсап сөйлесе болады ғой. Сені сыйламайды екен. Өзің жарайсың! Рахмет саған. Келіншегіңде намыс жоқ, сол уайым. Қазақ бола тұра қазақша білмей ме?, Келіншегіңнің ана тілінде сөйлеуге ынтасы жоқ- деп жазды желі қолданушылары.