Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
«Opel Vectra» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жоғары қысымды газ құбырына соғылған. Салдарынан 600-ден астам үй көгілдір отынсыз қалды.
Оқиға бүгін таңғы сағат 05:31 шамасында Құрсай шағын ауданында болған. Жүргізушіге қатысты тиісті заңның «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуі» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізуші газ компаниясына келтірілген материалдық шығынды өтейтін болады- делінген полиция хабарламасында.
Қазір құбырларды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.