Таразда қоқыс жәшігінен шақалақтың мәйіті табылды

Таразда қоқыс жәшігінен шақалақтың мәйіті табылды, – деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Таразда қоқыс жәшігінен шақалақтың мәйіті табылды
фото: orel.bezformata.com

КТК арнасының мәліметінше, қазір тәртіп сақшылары түсік тастаған әйелді іздеп жатыр.

Шала туған сәбидің денесін шелекке салып, вокзал маңындағы көпқабатты үйлердің қоқыс жәшігіне тастаған. Оны «Жасыл Тараз» мекемесінің қызметкері тауып алып, тәртіп сақшыларына хабар берген.

Қазір полицейлер бүлдіршіннің анасын анықтау үшін жақын маңдағы бақылау камераларын түгел тексеріп жатыр.