Павлодар облысының тұрғыны сүйіктісінің ата-анасын пышақтап өлтірген

Павлодар облысында 22 жастағы жігіт қарым-қатынасына қарсы болғандықтан, сүйіктісінің анасы мен өгей әкесін өлтірді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының тұрғыны сүйіктісінің ата-анасын пышақтап өлтірген
фото: mkivanovo.ru

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жігітті 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта жігіттің 2022 жылдың шілде айының басында Береговое ауылындағы үйдің аумағына түнгі сағат бірде кіргені белгілі болды. Осылайша қыздың ата-анасын алдап, көшеге шығарған.

Алдымен анасына пышақ сұққан, бірақ әйел қашып үлгерді. Содан кейін сүйіктісінің өгей әкесіне шабуылдады. Ер адамды өлтіргеннен кейін қайтадан анасын қуып жетіп, тағы бірнеше соққы жасады. Жәбірленушілердің екеуі де сол жерде мерт болды.

"3 шілдеде сағат 02.10-да Тереңгүл ауданының Береговое ауылында жеке үйдің ауласында 46 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйелдің денелері табылды. 40 шақты пышақ жарақаты салынған. Марқұмның кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен жоқ, өйткені ол үйде жасырынған", – деп хабарлады полиция департаменті.

"Сіз бәрін ойластырғансыз. Ата-анасы сізге қарсы екенін біліп, әдейі жасадыңыз. Олар сізге есік ашпайтынын біле отырып, оларды үйден шығару үшін электр сымдарын кесуге тырыстыңыз. Жарық сөнген жоқ, бірақ сіз дегеніңізге жеттіңіз", –  деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.

Сотталушының қорғаушысы ол кісі өлтіру кезінде есін білмеген деп сендірді. Алайда жүргізілген сараптамалар оны растамады. Жігіт қылмыстан жасағаннан кейін полицияға бәрін өзі мәлімдеген, сотта да кінәсін толық мойындады.

Айыпталушы екі адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол 7 млн теңге моральдық зиян төлеуі тиіс.