Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Еңбек мигранттары елордалық ХҚКО-дан рұқсат ала алады

Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Еңбек мигранттары елордалық ХҚКО-дан рұқсат ала алады
сурет astana.gov.kz сайтынан

Елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында, сондай-ақ көші-қон қызметінің мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылуда.

«Егер бұрын рұқсаттарды рәсімдеу кезінде жұмыс берушілер мен шетелдіктер Нұр-Сұлтан қаласы, Иманов көшесі 31 мекенжайы бойынша орналасқан Көші-қон қызметтері орталығына өтініш білдірсе, енді бұл мемлекеттік қызметті қаладағы 6 ХҚКО-дан алуға болады», – делінген хабарламада.

Осылайша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін, көші-қон қызмет басқармасы Азаматтарға арналған «Үкіметтік мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ келісімі бойынша, 16 маусымынан бастап С409 көшесінде (Сарыарқа ауданы) орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО филиалында еңбек иммигранттарына рұқсат беруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, 26 тамыздан бастап Мәңгілік ел, 30 үй (Есіл ауданы), Тәуелсіздік даңғылы, 32 үй (Алматы ауданы) және Абай даңғылы, 80 үй (Байқоңыр ауданы) мекенжайларында орналасқан қаланың 3 - ХҚКО-да осыған ұқсас жұмыс ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, ХҚКО-да шетел азаматтарының көп жиналуын болдырмас үшін 1 қыркүйектен бастап, қосымша осы мемлекеттік қызметті Сауран көшесі, 7 үй (Есіл ауданы), Республика даңғылы, 43 үй (Сарыарқа ауданы) бойынша орналасқан 2 ХҚКО-да алуға болады.

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі мамандарға кедергісіз қол жеткізу арқылы электрондық кезек режимінде ұсынылады.