Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодарлық өрт сөндіруші Қазнет қолданушыларын тәнті етті

Павлодарлық өрт сөндіруші Мәрлен Әбенов Ломов көшесіндегі үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп, әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті. Бүгін Мәрлен демалуы керек болған, бірақ ол құтқару ісіне білек сыбана кірісті, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарлық өрт сөндіруші Қазнет қолданушыларын тәнті етті
Фото: видеодан скриншот

Tipavlo.dar Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Мәрлен Әбенов көк түтін кезінде көршісіне сыртқа шығуға көмектесіп, кейін жертөлеге түсіп, бөтелкемен су құйып, өртті сөндірмек болған.

"Қауіпті іс болғаны түрінен көрініп тұр. Міне, сіз бен біздің өрт сөндірушілеріміз – сондай қаһарман жандар", деп жазылған Instagram-дағы жазбада.