Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

5 жасар қыздың өлімі: туған қызын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Жетісу облысының Сарқан ауданындағы қоқыс үйіндісінен өлі табылған бес жасар қыздың ісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

5 жасар қыздың өлімі: туған қызын өлтірген әйел 15 жылға сотталды
фото: bookmaker-ratings.ru

Мәлімет бойынша, марқұм қызды шешесі мен оның туысқан ағасы қаланың сыртында орналасқан кірпіш зауытының жанындағы полигонға алып келіп, алдын-ала сөз байласқандай, баланы өлтіріп, содан кейін денені жасырған.

«Сотталушылар кінәсін толық мойындағандықтан және сотталушының тәрбиесінде жас бала болғандықтан, прокурор оларды ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және осы баптың негізінде 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», – делінген соттың хабарламасында.

Сот отырысының қорытындысы бойынша, судья екеуін де кінәлі деп танып, оларға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 17 мамырда Сарқанда қала маңындағы қоқыс полигонынан 4-5 жас аралығындағы қыздың денесі табылды. Бірнеше адам кісі өлтіру күдігімен қамауға алынды. Анасының айтуынша, қыз церебралды сал ауруымен ауырған, сондай-ақ туа біткен ақыл-ой кемістігі де бар.