Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте автобус жүргізген Аяз ата көпшіліктің көңілін көтерді

Аяз атаның кейпіне енген шымкенттік автобус жүргізушісі жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шымкентте автобус жүргізген Аяз ата көпшіліктің көңілін көтерді
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған №113 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісінің әрекеті көпшілікті сүйсінтті. Автобус ішіне шар мен жылтырақтар ілініп, безендіріліп қойған ол жұмысқа да Аяз атаның киімін киіп шыққан. Сондай-ақ, көлікке мінген кішкентай балаларға тақпақ айтқызып сыйлықтар үлестірген.

Жүргізушінің бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Оқырмандар да түрлі пікірлер жазып, креативті идеямен халыққа қызмет көрсетіп жүрген жанға рахмет айтуда.

Олардың ішінде «Красавчик», «Жарайсың», «Қоғамда жақсы адамдар көп, сиқыршылар», «Шымкент таң қалдырудан шаршамайды», «Ол қай ғаламшардан келген. Шымкенттік жүргізушілер ашуланшақ болып келеді» деген пікірлер бар.