Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қарағандыда сегіз жасар қыз суық тиіп, көз жұмды

Қарағандыда 2 сынып оқушысы суық тиіп көз жұмды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі “Новый вестник” газетіне сілтеме жасап.

Қарағандыда сегіз жасар қыз суық тиіп, көз жұмды
фото: infosmi.net

Ол 6-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ауырып қалды. Дене қызуы көтерілді. Ата-анасы оны 17 желтоқсанда ауруханаға апарған. Дәрігерлер медициналық мекемеде емдеу үшін қызды ауруханада қалдыруға кеңес береді. Бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартып, қолхат жазған.

Олар 8 жасар қызды үйіне алып кетеді. Дәрі-дәрмек беріп, қызуын түсірген. Бірақ келесі күні таңертең ол оянбайды.

8 жасар Лилияның қандай аурудан көз жұмғаны зерттелуде. Мектепте дезинфекция белсенді жүргізіледі, микробтарды жою үшін сыныптарға  тазалық жұмысы жасалады. Барлық оқушыларды кезекші медбике тексереді.

Лилия 15 желтоқсанда мектепте болған. Бұл оның мектептегі соңғы күні еді. Лилия белсенді, жігерлі қыз еді. Әрдайым бірінші қатарда отыратын. Ол тауға өрмелеуге қызықты. Осы қайғылы оқиғадан кейін сыныптарда дезинфекцияны одан да мұқият жүргізе бастадық. Кабинет пен үстелдерді үнемі тазалап отырамыз. Медбике оқушыны мектепке кіргенге дейін тексереді. Егер дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ақса, бірден ата-анасына қоңырау шалып, баланы үйге жібереміз. ЖРВИ өршіп кетпеуі тиіс, әйтпесе асқынулар пайда болуы мүмкін. Біз отбасына қайғыра көңіл айтамыз –  деді “Патриот” мектеп директоры Любовь Горбунова.